Оралда көпқабатты үйден өрт шығып, видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Өрт сөндіруші саты арқылы көмекке жете бергенінде жарылыс болып, балконының күл-паршасы шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында өрт сөндірушінің жағдайы айтылды, деп хабарлайды paryz.kz.
Ведомствоның мәліметінше, өрт үшінші қабатта бос тұрған пәтерде шыққан.
Өртті сөндіру кезінде газ-ауа қоспасы жарылып, терезе мен балкон қалқасы ұшып кетті. Ал жарылыс тура көз алдында болған құтқарушы өзінің жағдайы туралы былай деді:
«Бәрі жақсы. Қайта іште адам болған жоқ. Өзім де жақсымын. Балкон жарылғанда еңкейіп үлгеріп қалдым», – дейді өрт сөндіруші.