Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтауда базар өртенді

12 желтоқсан күні сағат 16:15-де Ақтау қаласы, 28А шағынауданында орналасқан “РИД” СК ЖШС базары жанып жатыр деген хабарлама 112 пультіне келіп түсті, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақтауда базар өртенді
Фото: Baq.kz.

Оқиға орнына 2-шақырту бойынша күштер мен құралдар жұмылдырылды.

Барған кезде 105, 106, 107 бутиктерінің жануы анықталды. Өрт 16:27-де локализацияланып, 16:34-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖД тарапынан 35 қызметкер және 8 техника жұмыс атқаруда. Өрттің шығу себебін Ақтау қаласы ТЖБ анықтап жатыр.