Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 05.12.2025 12:25 Обновлять, 07.12.2025 18:49

2 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға түсті: Ақтөбеде қайғылы жағдай болды

Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұлова мен Тургенев көшелерінің қиылысындағы көпірде үш автокөлік қатысқан ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды paryz.kz.

2 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға түсті: Ақтөбеде қайғылы жағдай болды
фото: әлеуметтік желіден

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға 5 желтоқсан күні сағат 22:00-де болған. Lexus маркалы автокөлігінің жүргізушісі Subaru көлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін Subaru көлігі одан әрі лақтырылып, сол бағытта келе жатқан Chevrolet Cobalt автокөлігіне қайта соғылған.

Subaru автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы адам өліміне әкелетін жарақаттар алып, оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш адам жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаменті қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатқанын мәлімдеді.