Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада құрылысшылар бесінші қабаттан құлап кетті

Астанада үш құрылысшы бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Астанада құрылысшылар бесінші қабаттан құлап кетті
Фото: istockphoto.com

Үш бірдей құрылысшы бесінші қабаттан құлап кеткен. "Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция.

Зардап шеккен үш құрылысшы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр. Құлаған құрылысшылардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Sputnik Қазақстан тілшісіне берген мәліметі бойынша, жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың жағдайы тұрақты ауыр. Бір науқас жалпы бөлімде ем алып жатыр.