Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтөбеде қала маңынан ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды

Ақтөбе қаласының маңынан ерлі-зайыптылардың денелері табылды, деп хабарлайды paryz.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде қала маңынан ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды
фото: әлеуметтік желіден

Екеуі де өткен күні із-түзсіз жоғалып кеткен.

Жергілікті еріктілер оларды іздеуге көмек сұраған еді. Бүгін қала сыртынан ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды.

Алдын ала болжам бойынша, ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салған болуы мүмкін. 

«Орда» дереккөздерінің айтуынша, олардың артында бес бала қалды.

«Әйелдің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталды. Кейін күйеуі асылған күйде табылды. Оқиға орнында тергеушілер аумақты тексеріп, дәлелдер жинап, жұмыс істеп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды, қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады полиция департаменті.