Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Атырауда зейнеткер балдызын пышақтап тастады

Атырау қаласы Геолог ықшам ауданында зейнеткер балдызын пышақтап тастады, деп хабарлайды paryz.kz.

Атырауда зейнеткер балдызын пышақтап тастады
Фото: istockphoto.com

Оқыс жағдай 17 қарашада болған. Отбасылық жанжал болып, 73 жастағы зейнеткер әйелге пышақ ала жүгірген.

"Жанжал салдарынан 59 жастағы әйел пышақ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері күдікке ілінген ер адамды жедел анықтап, ұстады. Ол жәбірленушінің туысы. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта "Адам өлтіруге оқталу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.