Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 06.12.2025 15:13 Обновлять, 08.12.2025 09:50

Жетісайдағы трагедия: полиция қылмыстық іс қозғады

Түркістан облысының Жетісай ауданында болған өрттен кейін "өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Жетісайдағы трагедия: полиция қылмыстық іс қозғады
Фото: istockphoto.com

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. 

Еске сала кетейік, жеке үйде болған өрттің салдарынан 12 адам қаза тапты, оның ішінде 9 бала бар. Өртті барлау және сөндіру кезінде үйден ес-түссіз жатқан үш адам эвакуацияланып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.