Ақтөбеде оқушы жаппай төбелестен көзін зақымдап алды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Жасөспірімдердің жанжалы каникул кезінде болған. Салдарынан оқушының көзіне көзілдіріктің сынығы кіріп кеткен. Баланың көзіне ота жасалып, әлі күнге ем алумен келеді.
"Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде жасалған құқық бұзушылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қазіргі уақытта тергеу органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтап жатыр. Атап айтқанда, бірқатар қосымша сот сараптамалары тағайындалды және жүргізілуде", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.