Шардара қаласының тұрғыны туған әкесіне қатыгездікпен адам төзгісіз қорлық көрсеткен, деп хабарлайды Paryz.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан ұлының әкесін балағаттап, ұрғанын көруге болады. Тіпті келіні де жүйелі түрде ұрып-соғып, қорлап келген.
Желідегі ақпаратқа сүйенсек, көршісі бұл сұмдықты жасырын видеоға түсіргенімен, полицияға шағымданбаған. Ол түсірген бейнежазбаны қарт азаппен көз жұмғаннан кейін ғана жариялаған. Аталған жағдайға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалды.
- Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілуге жатпайды, - делінген ақпаратта.