Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Ведомствоға қарасты сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 2 қыркүйекте сағат 12-58-де жер сілкінісін тіркеген.
"Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 319 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.3, MPV магнитудасы 5.7", - деп жазылған хабарламада.
Сезілу деңгейі MSK-64 шкаласы бойынша Алматы қаласында 2 баллды құрады.