Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда алапат өрт болып жатыр

Алматы қаласы Алатау ауданындағы Н. Данченко көшесінде орналасқан автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығы өртенді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда алапат өрт болып жатыр
Фото: ТЖМ

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы дабыл 1 қыркүйек күні сағат 14:07-де түскен.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт өршіп кеткен. Өрт сөндірушілер өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді. Алғашқы бөлімшелердің жетуіне жолдағы көлік кептелісі кедергі келтірді, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ғимараттан 4 газ баллоны, 2 оттегі баллоны, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету станциясынан 3 автокөлік эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер жеткен соң екі учаскеде тілсіз жау ауыздықтау жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта ғимараттың шатыры құлап жатыр. Оқиға орнында автопойыз жұмыс істеуде, су үздіксіз жеткізіліп жатыр.