Сүңгуірлер екі адамның денесін Танаберген өзенінен алып шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқиға Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінде болды. Екі адам суға түсуге тыйым салынған аумаққа батып кеткен.
– Маржанбұлақ ауылдық округінің өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері, әкімдік өкілдері және төтенше жағдайлар бөлімі оқиға орнына барды. Сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарына сүңгуірлер тартылды. Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде екі адамның денесі судан шығарылды. Адамдардың денесі өзен жағасынан шамамен 7 метр қашықтықта тереңдігі 3 метр жерден табылды, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.