Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Петропавлда жеткіншек эскалатордан құлап кетті

Петропавлда 8 жастағы ойын баласы эскалатордан құлап кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Петропавлда жеткіншек эскалатордан құлап кетті
© Photo : Tobias Lindner

Оқыс оқиға 27 тамызда қаланың сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде болған.

"Экскалатордан құлаған 8 жастағы баланың жарақат алу фактісі бойынша тексеру жүріп жатыр. Бала ата-анасының қарауынсыз қалған", - дейді ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта сауда үйінің қауіпсіздік жағдайы тексеріліп жатыр.

Кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін тиісінше қамтамасыз етпегені үшін ата-аналарды жауапқа тарту мәселе шешіліп жатыр.