20 тамызда Ақмола облыстық маңызы бар "Азат – Степногорск" автожолының 33-шақырымында жол апаты болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Желіде тараған видеодан екі көліктің қатты зақымданғаны көрінеді. Көліктердің біреуі кюветке түсіп кеткен, ал екіншісі жол жиегінде сынып қалған.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатында "Toyota RAV4" пен "Toyota Camry" көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан төрт адам жеңіл жарақат алды, олардың арасында 2013 жылы туған жасөспірім бар. Оқиғаға кінәлі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп жазылған Ақмола облысының ПД хабарламасында.