Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Оралда қоқыс контейнерінен нәрестенің мәйіті табылды

Орал қаласының Зачаганск ықшамауданында Бірлік көшесіндегі №17 үйдің жанындағы қоқыс контейнерінен өтіп бара жатқан тұрғындар жаңа туған сәбидің мәйітін тауып алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Оралда қоқыс контейнерінен нәрестенің мәйіті табылды
Фото: istockphoto.com

Оқиға орнынан түсірілген фото және деректер әлеуметтік желілерде тарады. Аталған жерге полиция қызметкерлері келді.

«Орал қаласында нәрестенің мәйіті табылуына байланысты полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ оқиғаның мән-жайын анықтауға қатысты тексеріс басталды», — деп мәлімдеді өңірлік полиция департаменті агенттікке берген түсініктемесінде.