Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болып, 6 адам жарақат алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
фото: Sputniknews

"Қазавтожол" компаниясының мәліметінше қайғылы оқиға 11 тамызда сағат 00:10-да "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 1396-шы шақырымында болды.

"Toyota Alphard жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылған. Оқиға салдарынан үш адам қайтыс болып, алтауы түрлі жарақат алды", - дейді ведомство.

"Қазавтожол" жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көлік құралдарының техникалық жағдайын алдын ала тексеруге шақырды.