Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтауда жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Ақтау қаласының 31А шағынауданында жасөспірімдер арасында топтық жанжал болды. Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары оқиға орнына дереу жетіп, жанжалға қатысқан жасөспірімдерді анықтап, оларды ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізді, деп хабарлайды Paryz.kz

Ақтауда жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды
фото: видеодан скриншот

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің ата-аналары балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Жанжалға қатысқан барлық жасөспірім профилактикалық есепке қойылды. Ведомство өкілдері мұндай құқықбұзушылық қайталанған жағдайда жасөспірімдер мен олардың заңды өкілдеріне қатысты қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.