Алакөлде сауық құрып жүрген жас жігіт жұрттың көз алдында суға батып кетті, деп хабарлайды paryz.kz.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Қайғылы оқиға 6 тамыз күні Абай облысының Мақаншы ауданы Кабанбай ауылының маңында, жағадан шамамен 500 метр қашықтықта болды.
Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, жасөспірімнің жалға алынған катерден құтқару кеудешесін кимей суға секіріп, батып кеткені туралы хабарлама түсті.
«Бүгін таңертең ТЖД сүңгуірлерінің қатысуымен жүргізілген суасты іздестіру жұмысы барысында, жағадан 500 метр жерде, 6 метр тереңдіктен жасөспірімнің денесі табылып, судан шығарылды. Іздестіру жұмысына ТЖД құтқарушылары мен полиция қызметкерлері, 12 құтқарушы, оның ішінде сүңгуірлер, төрт жүзу құралы, эхолот және дрондар жұмылдырылды», – делінген ведомствоның агенттік тілшісіне берге пікірінде.