Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Полиция Шавхат Рахмоновтың әйеліне қатысты тың ақпаратты жариялады

Белгілі UFC жауынгері Шавхат Рахмоновтың жұбайы – Гүлайым Рахмонова екі адам көз жұмған жол апатына байланысты істе қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде жауап берген, деп хабарлайды paryz.kz.

Полиция Шавхат Рахмоновтың әйеліне қатысты тың ақпаратты жариялады
фото: видеодан скриншот

Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаменті мәлімдеді. Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу әрекеттері аясында оқиғаның объективті мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті процессуалдық шаралар жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды. 

«Қазіргі уақытта азаматшадан (Рахмоновтың әйелі – ред.) қорғау құқығына ие куәгер ретінде жауап алынды», - деді Жамбыл облыстық ПД.

Белгілі болғандай, спортшының жұбайы қазір Алматы қаласында ауруханада емделіп жатыр.

Тергеу шараларының нәтижелері бойынша оған қатысты қолданыстағы заңнама аясында процессуалдық шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды, - деп атап өтті ведомстводан.