Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Қарындасын қорқытқысы келген»: Таразда 15 жастағы жасөспірім өтірік суицид жасаймын деп қайтыс болды

Таразда 15 жастағы жасөспірім өз үйінің ауласында асылып қалған күйінде табылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Қарындасын қорқытқысы келген»: Таразда 15 жастағы жасөспірім өтірік суицид жасаймын деп қайтыс болды
Фото: istockphoto.com

Бейресми деректерге сүйенсек, оның өмірімен қош айтысуына қарындасымен болған жанжал себеп болған. Қыз бала ағасына ашуланып, анасына шағымданатынын айтып қорқытқан.

HALYQSTAN телеграм-арнасының ақпаратынша, марқұм қаладағы №27 орта мектептің оқушысы болған. Отбасы толық емес: анасы жұмыссыз, ал әкесі ажырасқаннан кейін бөлек тұрады. Үйде одан бөлек тағы үш кәмелетке толмаған бала тәрбиеленіп жатыр. Қаза тапқан жасөспірім — үйдегі үлкені. 

Қайғылы күні ол қарындасымен телефон ойынына байланысты сөзге келіп, оны ұрып жіберген. Сіңлісі болса, анасына айтып қоямын деп қорқытқан. Куәгерлердің айтуынша, біраз уақыт өткен соң қыз бала ағасын аулада ағашқа асылып қалған күйде тауып, жедел жәрдем шақырған.

Болжам бойынша, бала шын мәнінде өз-өзіне қол жұмсағысы келмеген, тек сіңлісін қорқытпақ болған. Алайда оқиға қайғылы аяқталды.

Қазір оқиғаның мән-жайын тергеу органдары анықтап жатыр. Қылмыстық іс «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша тіркелген.