Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда балалар үйінің екі тәрбиеленушісі жоғалып кетті

Алматы қалалық полиция департаменті балалар үйінің екі тәрбиеленушісінің жоғалуына қатысты оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда балалар үйінің екі тәрбиеленушісі жоғалып кетті
Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

Ведомство мәліметінше, Бостандық аудандық полиция басқармасы іздестіру ісін қозғады.

«Осыған дейін кәмелетке толмағандар бірнеше рет мекемеден кетіп қалып, әр жолы полиция қызметкерлерінің күшімен табылып, қайтарылған. Қазіргі уақытта олардың орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада. 

Полиция өкілдері сондай-ақ осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында мекеме басшылығымен профилактикалық және түсіндіру жұмысы жүргізілгенін, тәрбиеленушілерге бақылауды күшейту қажеттігі айтылғанын жеткізді. Айта кетейік, Алматыдағы №1 балалар үйінен 2009 жылы туған Белгородская Кристина Сергеевна мен 2010 жылы туған Черепанова Маргарита Даниловна 18 шілде күні таңғы уақытта шығып кетіп, содан бері хабар-ошарсыз кеткен.