Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«16 жерінен пышақталған»: Шымкентте іс-түзсіз жоғалған қыздың денесі қоқыс арасынан табылды

Шымкентте 21 шілдеде үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен 26 жастағы Диана Оңғарбаеваның біреулердің қолынан көз жұмғаны белгілі болды. 

«16 жерінен пышақталған»: Шымкентте іс-түзсіз жоғалған қыздың денесі қоқыс арасынан табылды
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы заңгер Ләззат Рақышева мәлім етті.

Заңгердің айтуынша, марқұм Telegram-арнадағы «үй жинаушы қажет» деген хабарландыру бойынша шақыртылған мекенжайға барған.

Туыстары таратқан ақпаратта қызды 17 жастағы жасөспірім пышақтап өлтіріп, денесін қоқысқа тастаған. 

«Өкінішке орай біз іздеген Шымкент қаласының тұрғыны өлі табылыпты. 17 жасар жігіт 16 жерінен пышақтап өлтіріп, мусорға тыстап кеткен. 10 күн болыпты, телеграм каналына «жұмыс бар» деген, үй жинау керек деп салған екен, қыз сол хабарландырумен барған. Өте ауыр жағдай. Екі кішкентай қызы мен жолдасы қалды артында», - деп жазды заңгер.