Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Танымал әншіні өлтіріп кетті: күдікті ретінде күйеуі ұсталды

Өзбекстанның Самарқан облысының Тойлоқ ауданында танымал әнші, Zeboyi Jahon лақап атымен танылған Зебинисо Носирова кісі қолынан қаза тапты. Бұл туралы Paryz.kz Todayinfo.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Танымал әншіні өлтіріп кетті: күдікті ретінде күйеуі ұсталды
фото: әлеуметтік желіден

Milliy TV арнасындағы Millar бағдарламасында жарияланған мәліметке сәйкес, қанды оқиғаға әншінің 1992 жылы туған күйеуі күдікті ретінде танылып отыр.

Ол балаларын көруге келгенде екеуінің арасында жанжал туындап, соңы трагедияға ұласқан. Ер адам әйелімен болған ұрыс кезінде оны қолымен тұншықтырып өлтірген. Әйел оқиға орнында жан тапсырған. Марқұмның туыстары қайғыдан қан жұтып отыр. 

«Мен сол күні жұмыста едім, жедел жәрдем қызметінде істеймін. Сағат 4-тер шамасында жұбайым қоңырау шалып, әпкеме бірдеңе болғанын айтты. Анам да: “Тез жет, оны өлтіріп кетіпті” деді. Үш баланың анасымен қалайша осындай қатыгездік жасауға болады?!» — дейді әншінің інісі. 

Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдиновтың мәлімдеуінше, ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 97-бабы 1-бөлігі бойынша («Қасақана адам өлтіру») іс қозғалып, ол қамауға алынған.

Айта кетейік, Зебинисо Носирова үш баланың анасы болған. Сонымен қатар, бұған дейін Самарқандтағы онлайн жиналыс кезінде шенеуніктің тізесіне қызметкер әйелді отырғызып құшақтап отырған сәті әлеуметтік желілерде кең тараған болатын.

Өзбекстан Еңбек және кедейлікті қысқарту министрлігінің хабарлауынша, бұл жағдай тексеріліп, бейәдеп әрекетке жол берген қызметкерлер жұмыстан шығарылған.

Белгілі болғандай, бұл шенеунік – 2023 жылдың желтоқсан айынан бері Каттакурган аудандық жұмыспен қамту және кедейлікті қысқарту бөлімін басқарған А.А. есімді азамат.