Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

ШҚО-да пробация қызметкері пара алып жатқан жерінен ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында пара алған пробация қызметкері 12 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Paryz.kz.

ШҚО-да пробация қызметкері пара алып жатқан жерінен ұсталды
Фото: polisia.kz

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға осы жылдың сәуір айында болған. Ұлан ауданының пробация қызметкері сотталған адамнан 400 мың теңге көлемінде пара талап еткен.

 - Себебі оған бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылу қаупі бар еді. Осыны болдырмау үшін инспектор материалдардың сотқа жіберілмеуіне көмектесетіндігін айтып, уәде берген, - делінген ақпаратта. Пробация қызметкері ақшаны алып жатқан кезде оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ұстады.

- Сот барысында прокурор инспекторды 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Десе де, Ұлан аудандық сотының шешімімен айыпталушы 12 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар ол капитан шенінен айырылды, - делінген хабарламада.