Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Маңғыстау облысында жаппай төбелес болды

Желіде қолдарына таяқ ұстап, бір-біріне пиротехникалық жарылғыш заттарға ұқсас нәрселерді лақтырып, жаппай төбелескен балалардың бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында жаппай төбелес болды
фото: видеодан скриншот

Осы оқиға бойынша облыстық полиция департаменті бұзақылыққа қатысы бар жасөспірімдердің барлығын ұстап, қылмыстық іс қозғаған.

— Қақтығысқа қатысқандардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге ішкі істер бөліміне жеткізілді. Тексеру нәтижесінде ата-аналарға Әкімшілік Қылмыстық кодекстің 127-бабы («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау») және 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, — делінген хабарламада.

Барлық жасөспірім профилактикалық есепке қойылған. Полицейлер бұл оқиғаға алаңдаушылық танытып отыр. Өйткені, соңғы кезде жастар арасында төбелес көбейген.