Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
"ТЖМ "Ұлттық ғылыми сейсмологиялық зерттеулер орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Сейсмикалық оқиға Шығыс Қазақстан облысында болған", – делінген ТЖМ хабарламасында.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, магнитудасы 5,2 болған жер сілкінісі Өскеменнен оңтүстікке қарай 84 шақырым жерде тіркелген.