Қайғылы жағдай коммуналдық желілердегі ұңғымалардың бірінде жоспарлы жұмыс кезінде орын алған, деп хабарлайды Paryz.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, "Қарағанды су" кәсіпорнының 29 және 46 жастағы екі қызметкері улы газдан, болжам бойынша күкіртті сутектен уланған.
Полиция қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
Оқиға туралы ақпаратты компания растады: Екі қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр, еңбек инспекциясы тексеру жүргізіп жатыр. Сондай-ақ қызметтік тексеріс басталды, - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Іс бойынша сот-медициналық-техникалық сараптама тағайындалды.