Өрт сөндірушілкр Жетісу ауданында тілсіз жаумен күресіп жатыр.
Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, сағат 09:52-де Тобаяқов көшесінде от шыққан қоймаға құтқарушылар жоғары дәрежелі дабылмен жіберілген.
Оқиға орнына жеткенде, қойма ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған.
- Өрт сөндіру оқпандары және автоцистерналар өрт гидранттарына енгізілді. Осылайша судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Өртті сөндіру жұмыстарын Алматы қаласы ТЖД бастығы жеке өзі басқарып отыр. Оқиға орнында жедел штаб жұмысы ұйымдастырылып, үш өрт сөндіру учаскелер құрылды, қаладағы өзара іс-қимыл жасайтын барлық қызметтер жұмылдырылды, - деп хабарлады ТЖД.