Шымкентте 3 жасар бала жоғарғы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Шымкент қаласының Тұран шағынауданында қайғылы жағдай болды – көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатындағы терезеден 3 жасар бала құлап кеткен.
Ауыр жарақат салдарынан сәби оқиға орнында көз жұмды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.