Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Астанада ер адам әйелін өлтіріп, 25-қабаттан секіріп кеткен

Астанада «Орбита» тұрғын үй кешенінде 36 жастағы ер адам жанжал кезінде бірге тұратын әйеліне пышақпен ауыр жарақат салып, кейін 25-қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды paryz.kz.

Астанада ер адам әйелін өлтіріп, 25-қабаттан секіріп кеткен
Фото: istockphoto.com

Ол тірі қалған, қазір ауруханада жатыр. Күзет қойылған.

Қайғылы оқиға 19 маусым күні балалардың бірінің көз алдында болған. 33 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Артында 7 және 10 жастағы екі ұлы қалды.

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сүйенсек, жанжалға қаржылық қиындықтар себеп болуы мүмкін. «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.