Петропавл қаласында екі жасар бала шемішкеге қақалып қайтыс болған. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.
Қайғылы оқиға 13 маусым күні Бірлік шағын ауданында болды.
«Екі жасар бала шемішкеге қақалып көз жұмды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.