Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Қарағандыда балалар ауруханасында ер адам дәрігерлерге шабуыл жасады

Қарағандыда облыстық балалар ауруханасында 38 жастағы ер адам дәрігерлерге шабуыл жасады. Медицина қызметкерлеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қарағандыда балалар ауруханасында ер адам дәрігерлерге шабуыл жасады
Фото: Pixabay

Оқиға 12 маусымда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы облыс тұрғыны жанжал кезінде екі дәрігерге дене жарақатын салған.

Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны ұстау және жауап алу сәті түсірілген видеоны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынды.

Ведомствоның мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар ведомство медицина қызметкерлеріне күш көрсету қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу екендігін айтты.

"Құқықтық тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында заңсыз әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы қатаң қамтамасыз етіледі. Әсіресе, медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылыққа жол берілмейді және қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу ретінде сараланады, - деп толықтырды ведомство.