Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Қарағандыда анасы өзгеге «сатып» жіберген бүлдіршіннің шашы ағарып кеткен

Қарағанды облысында бала саудасына қатысты ауыр әрі шырмауы көп қылмыстық іс қаралып жатыр: прокурордың мәліметінше, жесір әйел үш жыл бұрын босанған қызын, одан кейін туған ұлын баласы жоқ отбасыларға сатқан, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Қарағандыда анасы өзгеге «сатып» жіберген бүлдіршіннің шашы ағарып кеткен
Фото: egemen

«КТК» телеарнасының сот залынан таратқан ақпаратына сүйенсек, іс бойынша балалардың туған шешесі, перзентхананың медбикесі мен қызды асырап алған ерлі-зайыпты және ұлды асырап алған ерлі-зайыптылар сотталып жатыр.

«ДНК-сараптамаларын қолдан жасаған» 

2022 жылы жесір әйел бала көтерген. Бірақ, өзі асырағысы келмей, оны сәби аңсап жүрген бір отбасыға бере салған. құжат жағынан оған қалалық перзентхананың медбикесі көмектескен көрінеді. Ең сорақысы, арада бір жарым жыл өткен соң тағы да босанған сол әйел ұлын да «сатып» жіберген.

«Әуел баста іс бала саудасына қатысты болған. Өйткені, балаларды асырап алған отбасылардың әрқайсысы әйелге 3 млн теңгеден берген. Кейін ол ақшаны сыйлық деп есептеп, бабы өзгерген», - деп хабарлайды телеарна. 

«Мемлекеттен бала асырап алу қиын болған соң қылмыс осылай жасалады»

Мемлекеттік айыптаушы Нұрбек Құзбақов болса қазір дені сау баланы асырап алу ұзақ әрі қиын процесс екенін айтты. Сол арқылы мемлекет балаларды қорғап, оларды көрінгеннің қолына ұстата салмайды.

 Сондықтан, бала іздегендер мен оны сататындар бұрыннан келе жатқан «жасырын схеманы» қолданған. «Бала туғанда оның «әкесі» деген жерге асырап алатын ер адамның тегі жазылады.

ДНК сараптама да қолдан жасалған.

Медбике мен асырап алған бір отбасы баланың болашағы үшін осылай істегендерін айтып, кінәсін мойындамаған. Балалардың биологиялық анасын қорғайтын адвокат ол сәбилерінің болашағын ойлап, жетімдер үйіне түспесін дегенін айтты», - деп хабарлайды телеарна. 

«Адаптация орталығына түскен баланың шашы ағарып кеткен» Қыз баланы асырап алған отбасының адвокаты Ирина Маленконың айтуынша, бұл процесс үлкендерден бұрын, балалардың өзіне ауыр тиіп жатыр. Өйткені, тоғыз ай бұрын, яғни, осы қылмыстық іс басталғанда адаптация орталығына түскен қыздың шашы ағарып кетіпті. 

«Бала ата-ана мейіріміне бөленіп өсіп жатқан. Сондықтан, бұл жағдай қыз үшін ауыр соққы болды. Орталыққа барған бала тіпті сөйлемей қалған», - деп хабарлайды телеарна.