Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Павлодарда қыз ұзату тойында 27 адам уланып қалған

Павлодарда өткен қыз ұзату тойында қонақтар жаппай уланып, 27 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Павлодарда қыз ұзату тойында 27 адам уланып қалған
Фото: istockphoto.com

Той 7 маусым күні қаладағы мейрамханалардың бірінде өткен. Ұзату тойында шамамен 150 қонақ болған. Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының хабарлауынша, зардап шеккен қонақтардан алғашқы қоңыраулар 8 маусымда түсе бастаған.

"33 адам жүгінді, олардың ішінде жүкті әйел мен бала бар. 26 ересек адам инфекциялық ауруханаға, бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Барлығына орташа ауырлықтағы тамақтан улану диагнозы қойылды. 9 маусым күні сол іс-шараға қатысқан тағы бір адам жүгінді", – деді дәрігерлер. 

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бактериалды ішек инфекциясының белгілерімен барлығы 29 адам жүгінген.

"Олардың 15-і ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем алып жатыр. Пациенттердің жағдайы орташа ауыр деп бағалануда, белгілері: интоксикация, іш өту және дене қызуының көтерілуі. Барлық науқасқа қажетті ем тағайындалған", – деп мәлімдеді ведомство.