Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Астанада автобус бағанаға соғылды: 8 жастағы қыз екі аяғынан айырылды

Астанада жолаушылар автобусы жарнама ілінген бағанаға соғылды. Салдарынан 15 адам зардап шекті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада автобус бағанаға соғылды: 8 жастағы қыз екі аяғынан айырылды
Фото: istockphoto.com

"Aвтобус жүргізушісі маневр жасау кезінде рөлге ие бола алмай, жарнама ілінген бағанаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер бар, оларға медициналық көмек көрсетілді", - дейді қалалық полиция департаменті.

Ауруханаға 15 адам жеткізілген. Соның ішінде ауыр жағдайда жеткізілген қыз баланың аяғына операция жасалды. 

"Жедел медициналық жәрдем бригадалары қала стационарларына барлығы 15 адамды жеткізді. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары үйге жіберілді. Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы тұрақты ауыр және өте ауыр. Бір пациентке екі аяғының тізеден төменгі жағына ампутация жасалды. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция "абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.