Батыс Қазақстан облысында белгісіз біреу шынжырлы арамен адамдарға тап берді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бөрлі аудандық полициясы оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде жариялады.
"2025 жылғы 30 мамырда сағат 00:30-да Бөрлі аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне "Нефтек" жанар-жағармай құю станциясының аумағында белгісіз біреудің шынжырлы арамен агрессивті әрекет жасап, көліктер мен адамдарға шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түсті", - деп жазылған полиция хабарламасында.
Полиция қызметкерлері қауіпсіздік шараларын қабылдап, 1989 жылы туған ер адамды ұстады.
"Оны облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастыру мәселесі шешілуде", - деп толықтырды полиция.