Жамбыл облысы Қордай ауылында жоғары жылдамдықпен келе жатқан «Mercedes-Benz W210» маркалы автокөлік жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан екі қыз баланы қағып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқиғаның видеосы «Криминал Казахстан» телеграм арнасында жарияланды Белгілі болғандай, жарақат алған қыздар ауруханаға жеткізілді.
Жол қозғалысы ережелерін бұзып, адам денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.