Құтқарушылар Қызылорда облысында апатты жағдайда қонған ұшақтың бортында болған үш адамды сегіз сағат бойы іздеген, деп хабарлайды Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Кеше ТЖМ кезекші бөліміне Қызылорда облысында "Таң-Құмкөл" бағытында ұшқан бортында 3 адам бар АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Олардың қайда екені белгісіз еді әрі олармен байланыс болмады. Жедел іздестіруге ТЖМ мен ПД-нің барлық күші мен құралы тартылды.
Сондай-ақ іздестіруді жүргізу үшін Қазақстан ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Іздестіру тобының жедел әрі үйлесімді іс-қимылдарының арқасында сегіз сағаттан кейін түнде жоғалғандар ай даладан табылып, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді.
Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.