Алматы облысының Талғар ауданында атыс болды. Бұл туралы мәлімет әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды paryz.kz.
Алматы облысының Полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
– Қабылданған шаралар нәтижесінде оқиғаға қатысушылардың бәрі анықталды. Ауруханаға жеткізілген төрт күдіктіні полиция күзетіп тұр. Бір айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп түсіндірді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомстводан іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.