Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

4 мамыр күні Қазақстанның Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы Алматы қаласының оңтүстік-шығысында жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Фото: istockphoto.com

Сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақыты бойынша 11:45-те тіркелген. Табиғи құбылыстың координаттары: солтүстік ендік 41.670, шығыс бойлық 82.310.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан 477 шақырым оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан.

Сейсмологтар жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпараттың тіркелмегенін мәлімдеді.