Әзілкеш Нұрболхан Шарапов Instagram-дағы парақшасында қан-жоса болған суретін жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Оның айтуынша, көптен бері әлеуметтік желіге шықпай қоюының себебі бар.
«Инстаграмға шықпай қоюымның себебі осы. Мен бұны жәй қалдырмаймын. Соңына дейін барамын», — деп жазды ол.
Желідегі суретке қарағанда әзілкешке әлдекімдер шабуыл жасаған. Алайда Нұрболхан Шарапов мән жайды толық баяндамады.