Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА 09.11.2020 03:55

Ливан жеріне метеорит түсіп, егістікті отқа орады

Аспан денесі Сирия және Ливанмен шекаралас Аккар аймағында, Әл-Талиль елді мекенінің аумағына құлаған.

Ливан жеріне метеорит түсіп, егістікті отқа орады
фото: ntv.ru

Ливанда жанып жатқан метеорит егіс алқабына құлап, өрт шықты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан, жергілікті NNA басылымына сілтеме жасап.

Аспан денесі Сирия және Ливанмен шекаралас Аккар аймағында, Әл-Талиль елді мекенінің аумағына құлаған.

Жергілікті тұрғындар егістікке түсіп, плантацияның өртенуіне себеп болған отты шардың құлдилай құлаған сәтіне куә болған.