Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Шымкентте есірткі табылған көлікте полиция қызметкері отырған

Шымкентте есірткі табылған көлікте полиция қызметкері болған. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хахабарлады.

Шымкентте есірткі табылған көлікте полиция қызметкері отырған
Фото: polisia.kz

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті.

"Іс-шаралар барысында автокөлікте бейбіт тұрғындармен бірге аудандық полиция бөлімшелерінің бірінің қызметкері болғандығы анықталды. Қызметкер теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатылды", - дейді полиция.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайына, оның ішінде бұрынғы полиция қызметкерінің іс-әрекетіне түбегейлі құқықтық баға беріледі.