"Қазгидромет" синоптиктері 16 тамызда Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтілетінін жазды.
16 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдай Алматы, Ақтөбе, Балқаш, Қарағанды және Теміртау қалаларында болжанып отыр. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желдің болмауы немесе әлсіз болуы, тұман, температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі.
Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды және ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына кері әсер етеді.
Ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы. Оған жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы және температура жатады.