Прямая трансляция

Астана

Астана

31.01°C

Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жасады

Қазақстанның кей өңірлерінде +44°C дейін аптап ыстық болады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жасады
Фото: sputnik.kz

"Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында және басқа да өңірлерде ауа температурасы +40…+44°C-қа дейін көтеріледі. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады", - деп ескертті министрлік.

Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл мен қатты жел соғады деп болжанып отыр. Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ал солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қатты жел соғады.