Прямая трансляция

Астана

Астана

30.05°C

Өскеменде жоғалған сарбаз табылды

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінен қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен мерзімді әскери қызметші табылды, деп хабарлайды paryz.kz ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери полиция басқармасына сілтеме жасап.

Өскеменде жоғалған сарбаз табылды
Фото: дереккөз

Ведомствоның мәліметінше, ҚР Қарулы күштерінің әскери полициясы әскери қызметшілерінің күшімен мерзімді әскери қызметші, қатардағы жауынгер А.Е. Мархан облыс орталығынан шамамен 20 шақырым жерде ұсталып, әскери полиция бөліміне жеткізілген. Бас әскери полиция басқармасы сарбаздың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Оның аясында оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз үйін сағынуына байланысты қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен. Сонымен қатар, тексеру барысында әскери қызметші командирлер немесе бірге қызмет атқаратын әскери қызметшілер тарапынан жарғыға қайшы қарым-қатынас немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері болмағанын айтқан, - деп хабарлады ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери полиция басқармасы.