Прямая трансляция

Астана

Астана

21.69°C

Психологиялық қызмет заңмен реттеледі: Тоқаев құжатқа қол қойды

Мемлекет басшысы "Психологиялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды paryz.kz.

Психологиялық қызмет заңмен реттеледі: Тоқаев құжатқа қол қойды
Ақорда

Психологиялық қызмет алғаш рет заңмен реттеледі: Жаңа заңның басты ерекшелігі – психолог мамандығына қойылатын талаптарды нақты белгілеуі. Жаңа заңға сәйкес:

Енді арнайы жоғары білімі жоқ және мемлекеттік бірыңғай реестрге тіркелмеген адам өзін "психолог" деп атай алмайды; ️

"Психо-коуч", "психо-кеңесші" атауларын қолдануға да шектеу қойылады; ️Енді кәсіби білімі жоқ адамдардың "психолог" сөзін жарнамалық мақсатта пайдалануына тыйым салынады; ️

Жаңа заң бойынша психологқа айтылған мәліметтер клиенттің жазбаша келісімінсіз жарияланбайды; ️

Сондай-ақ қабылдау кезінде адамның рұқсатынсыз бейне немесе аудио жазба жасауға тыйым салынады.

Құжат біліктілігі жоқ жалған мамандарға тосқауыл қойып, азаматтардың сапалы әрі қауіпсіз қызмет алуын қамтамасыз етеді