Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстанға Ресейден келген күнбағыс тұқымдарынан қауіпті ауру табылғанын мәлімдеді.
Ақмола облысы Ақкөл ауданының аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторы карантиндік өнімнің залалданған күйде әкеліну фактісін анықтаған.
Тексеру барысында Ресей Федерациясынан (Краснодар өлкесі, Краснодар қаласы) аудан аумағына 0,019 тонна көлемінде күнбағыс тұқымдары әкелінгені және олардың карантиндік объект — күнбағыс фомопсисімен залалданғаны анықталды.
Аталған карантиндік өнімнің иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар одан әрі қарау үшін сотқа жолданды, - деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті.