Қазақстанда ақпан-сәуір айларында 317 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану жағдайларына қатысты. 226 адам күдікке ілінді.
"198 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, оның 175-і сотқа жолданды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал 4,2 млрд теңгеге жетті", - делінген хабарламада.