Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Ақтөбе облысында ауладан пышақталған ер адамның мәйіті табылды

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында Мира даңғылы бойында өтіп бара жатқан адамдар денесінде бірнеше пышақ жарақаты бар ер адамды тауып алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақтөбе облысында ауладан пышақталған ер адамның мәйіті табылды
Фото: freepik

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 27 жастағы қала тұрғынының қаза тапқанын анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде марқұмның 22 жастағы танысы ұсталды.

Хромтау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен жәбірленушінің танысы ұсталды.

«Алдын ала тергеу барысында олардың бірге ішімдік ішкені, сол кезде араларында жанжал туындап, күдікті пышақ жарақатын салғаны анықталды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.